Шағын қалада тұрамыз. Қазақтың қарапайым отбасыларының біріміз, Аллаға шүкір табысымыз өзімізге жетерліктей, ешкімнен қол жайып сұрамаймыз. Бес қабатты үйдің бесінші қатарының тұрғынымыз. Бұл қалада көп қабатты үйлер бағаланбайды көпшілік қауым жер үйді жанына жақын тартатыны бар.
Ендігі мәселе мынада қайын ағамыз отбасымен басқа қалаға көшпекші, енді біздермен үй ауыстыратын ойлары бар. Бұл шаруаның біте алмай жүргеніне айдың көлемі болған шығар. Келіншегі жолдасынан сенім хат алып келемін, құжаттарды рәсімдейміз деп келісілген еді. Артынан күйеуіне барып келгеннен кейін сұрасақ құжаттар қолында жоқ, сөйте тұра бізге бастап мүліктеріңді менің атыма жаза беріңдер, шетінен жұмысты бастай берейік демесі бар ма? Таң қалдым деп айту былай тұрсын, шокта болдым. Онысы ол ғой мен келіспегенімен, отағасына соғып, құжаттарды бере қал деп, ол кісі менен сұра десе, қатыныңның не қатысы бар, барлығы сенің атыңда емеспе еді деп. Ортамызға шпишкі жағып тұрғой .
Енді сонша ауыстырамын деп екі үш клиентке отказ бергенім бар еді, өзіме - өзімнің ызам келіп отыр. Кім ақымақ сонымен?