Ойларым миымды ауыртып, ақыры Алла қаласа ажырасамын деп шештім. Алдымен баратын жерімді, жататын орнымды, көретін күнімді реттеп алу керек.
Ойым бар, Есіктен дача алып алсам, сол қаладағы мектепке мұғалім болып жұмысқа тұрамын, балапандарым сол мектепте оқиды, Жаратушым жар болса грантқа түсіп мамандық иесі болып шығадығой.
Дачаны ыңғайлы етіп реттен ішіне дәретхана мен душ қондырып уютный өзімнің жұмығым етіп жасап алармын. Мына кв сатып тг екіге бөліп алсақ соған машина аламын да балапандарыммен тыныш өмір сүрермін.
Жалғыз болмаймын Алла тағала өзі мені қолдайды, күніне 24 сағат қасымда болып қарайласады.
Байым болса да жалғыз болып шаршадым....
Мына қалада тақ бір мен ақ отырғандаймын, адамға орта керек, бұл жақта ортам жоққой. Алмасқа тұсау болғым келмейді, малын бақсын, байысын, аман болсын. Маған жанымның тыныштығы, бүгінімнің әдемілігі керек.
Сол бағытымннан қайтпаймын, осы ойым маған ұнайды, ойлаған сайын өмір сұргім келеді, әдемі, сау болу туралы ойлрым қатар жүреді.
Аллам амандығын берсін.
Жаратушым қайырлысынан бұйыртсын.