😥😥😥 Бүгін Альфияның класстасы Ернұр дүнеден озды. Аллам ай 25 жастағы балағой, дәл көз алдымда өскен жігітқой. Жүрегім ауырып тұр, жылағым келе береді. Жалпы ондай жақындығымыз жоқ, тек алыс туысым екенін білемін. Мамасын аяп отырмын, жаратқан алдымызға келтірмесін. Өз балаңды жерлегенді көрсетпесін.
Бірнеше күннен бері ойларым сан жақта қалқып жүр, тіпті жинай алмай жатырмын. Жүрегім қайта жалғыздықпен құлазып тұр, барлық әлемде жанымды түсінетін, жарамды емдейтін адам жоқтай. Көңілімдегі қаяуларды түсінісіп сырласатын адамның жоқтығы мені жапан далада қалғандай етіп сезіндіреді. Бір ойым туған елімнің табиғатын аңсайтындаймын. Жасыл алаңда жайқалып өскен гүлдер мен бір-бірімен таласқалы тұрған текректер, толысса аққан сулар, барлығын сағындым. Осы жолы Алматыда тауға баруға бір мүмкіндігім болмады. Дәл тауды, күздегі тауды, жаңбырдан кейінгі саябақты, қыстың ызғарын сездіртетін суық ауаны, көлікке толы көшені, жол бойындағы алпауыт ағаштарды сағындым.
Көзімді жұмып ашқанда әкемнің үйінің қасындағы саябақты болсам ғой деп армандап кетемін
Барлығын қоса ойлап отырмын, сары топырағы аспанға көтерілген құрғақтықтан миы кепкен ортаға келін болғаныма қайта өкініп бастағандаймын.
тамшылар...көз...көңіл...